Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Пойызда мас күйде болған шетелдік қамауға алынды

"Маңғыстау–Алматы" пойызында мас күйде болған шетелдік қамауға алынды, деп хабарлайды көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Пойызда мас күйде болған шетелдік қамауға алынды
Фото: ҚТЖ

Алкогольдік мас күйде болған шетелдік полицияға бағынбаған.

"Көлік сақшылары мас күйде жүрген 30 жастағы Әзербайжан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Жолаушы өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан", - дейді ведомстводағылар. 

Құқық бұзушы акті бойынша пойыздан түсірілген. Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша жауапкершілікке тартылды. 

Сот шешімімен шетел азаматына 5 тәулікке қамау түріндегі жаза тағайындады. Жалпы биыл 11 айда жолаушылар пойыздарында түрлі әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 669 адамды анықталды.

Оның ішінде 630 адам – қоғамдық орындарға мас күйінде келген, 17 адам – ұсақ бұзақылық жасаған.