Прямой эфир
Астана
25.77°C
Ақтауда полицияға 33 жастағы ер адамның жоғалып кеткені туралы арыз түсті. Іздеу шаралары барысында оның денесі табылып, мәйіттен зорлықпен өлтіру белгілері анықталды, деп хабарлайды paryz.kz Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжамға сәйкес, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған болуы мүмкін.
«Күдіктілердің жеке тұлғалары анықталды. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов оқиға орнына өзі барып, тергеу барысын ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.