Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.


Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланған. Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілген.