Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 02.12.2025 15:17 Обновлять, 02.12.2025 16:41

Дәрі-дәрмек шикізаты салықтан босатылуы мүмкін – ДСМ

Қазақстанда дәрі өндіруге пайдаланылатын импорттық шикізатты ҚҚС-дан босату жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды paryz.kz.

Дәрі-дәрмек шикізаты салықтан босатылуы мүмкін – ДСМ
Коллаж: baq.kz

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі мен МӘМС жүйесі аясында сатып алынатын дәрілік препараттарды өндіруде қолданылатын импорттық субстанциялар мен шикізатты ҚҚС-дан босату жөніндегі Үкімет қаулысының жобасы әзірленді, – деді министр.

Қазақстанда өндірілетін дәрілік препараттарды сатып алу көлемі 170 млрд теңгеге жеткен. Министрлік отандық өндірушілер арасында бәсекелі орта қалыптастыруды жоспарлап отыр.