Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 01.12.2025 15:11 Обновлять, 01.12.2025 15:22

Алдағы күндері бірнеше өңірде қар жауады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Алдағы күндері бірнеше өңірде қар жауады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады – жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанып отыр.

«Тек батыста, сондай-ақ 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон тарамының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температуралық көрсеткіште айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», – делінген синоптиктер болжамында.