Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 01.12.2025 14:00 Обновлять, 01.12.2025 13:31

Полиция Гүлнәр Бажкенованың үйіндегі тінту мен қылмыстық істер туралы айтты

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы Orda порталының кеңсесінде, сондай-ақ бас редактор Гүлнәр Бажкенованың пәтерінде тінту басталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға қатысты Алматы Полиция департаменті пікір білдірді, - деп хабарлайды paryz.kz.

Полиция Гүлнәр Бажкенованың үйіндегі тінту мен қылмыстық істер туралы айтты
фото: әлеуметтік желіден

Тарағат мәлімет бойынша, бас редактордың үстінен жалған ақпарат таратқаны туралы бірнеше шағым түсірген.

Полиция не дейді?

Алматы полициясы бұл ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, түскен шағымдар бойынша бас редакторға қатысты "көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана тарату деректері" бойынша қылмыстық істер қозғалған. Қазіргі уақытта арыз иелерінің уәждері жан-жақты тексеріліп жатыр.

Полиция дерегі бойынша, алдын ала тергеу барысында 2024 жылғы бір жарияланымда құқық қорғау органы қызметкерінің пара алып жатқан кезде ұсталғаны туралы жалған ақпарат таралғаны анықталған.

Тергеу материалдары бұл деректің шындыққа жанаспайтынын көрсеткен. 

"Осылайша, Б.-ның әрекеттері жарияланымда көрсетілген қызметкердің кәсіби қызметі туралы қоғамда жалған пікір қалыптастырып, оның іскерлік беделіне зиян келтірген", – деп хабарлады полиция. 

Сонымен қатар, басқа бір материалда мүлік дауына қатысты зиян көлемі мен оның себептері туралы бұрмаланған мәліметтер жарияланғаны анықталған. Бұл да жәбірленушінің іскерлік беделіне айтарлықтай зиян келтірген.

"Бұдан бөлек, өткен жылдардағы жарияланымдарға қатысты зардап шеккендердің басқа да өтініштері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Олар да жалған және қоғамды жаңылыстыруы мүмкін мәліметтерді қамтуы ықтимал", – деп түсіндірді полиция. Ведомство мәліметінше, бас редактордың үйінде және жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.