Прямой эфир
Астана
25.77°C
Бүгін елордада жастарға арналған қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сәтті өтті, деп хабарлайды paryz.kz.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен жастарды қолдау және адами капиталдың сапасын арттыру бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Жәрмеңке Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, «Еңбек мобильділігі орталығы» және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бірлесуімен өткізілді.
Шара барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентацияларын ұсынып, бос вакансияларын жариялады және болашақ мамандардың резюмелерін қабылдады.

Ал жұмыс іздеуші жастар HR-менеджерлермен тікелей сұхбаттасып, еңбек нарығындағы өздеріне қызықты ақпараттарды алды.
Жәрмеңкенің басты міндеті — жұмыссыз азаматтарды, түлектерді және елорда жастарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Іс-шара жастарға жаңа мүмкіндіктер беріп, жұмыс берушілер мен үміткерлер арасында тиімді коммуникация орнатуға мүмкіндік жасады.