Прямой эфир
Астана
25.77°C
Түркістан облысындағы өрттен аман қалған баланың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды paryz.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенат кулуарында мәлімдеді.
Айта кетейік, 18 қараша күні өңірдегі Алғабас ауылында болған өрт салдарынан 12 адам қаза тауып, үшеуі жарақат алған еді.
Екі ересек адамның жағдайы бүгінгі таңда тұрақты. Барлық зардап шеккендер Шымкентке ауыстырылды, қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр. Ал баланың жағдайы өте ауыр, – деді вице-министр.
Айтуынша, балаға көмек көрсету үшін Алматыдан арнайы мамандар тартылған.
Олар үнемі кеңес беріп отыр, емді қайта қарап, жағдайды бағалады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап отыр, – деді Тимур Сұлтанғазиев.