Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 27.11.2025 12:25 Обновлять, 27.11.2025 13:38

Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды

Абай облысында қоғамдық жұмыстарға бөлінген қаражатты жымқырған бұрынғы әкім сотталды, деп хабарлады бас прокуратура.

Абай облысында бюджет қаражатын жымқырған ауылдық округтің бұрынғы әкімі сотталды
Фото: istockphoto.com

Облыстың Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден астам қаражатты жымқырғанын анықтады.

Прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеліп, материалдар процестік шешім қабылдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды. 

"Соттың үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - деп жазылған хабарламада. Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.