Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 25.11.2025 15:56 Обновлять, 25.11.2025 17:01

Астанада жоғалған оқушы қыз өлі табылды

Астанада жоғалған мектеп оқушысы өзеннен өлі табылды, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада жоғалған оқушы қыз өлі табылды

24 қарашада сағат 21:00-де полицияға елорда тұрғынынан 18:30 шамасында қызының үйден шығып кетіп, байланысқа шықпай қойғаны туралы арыз түскен.

Оны іздеуге жедел түрде полицияның жеке құрамы, еріктілер және өзге де күштер жұмылдырылды. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мектеп оқушысының мәйіті өзеннен табылды. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.