Прямой эфир
Астана
25.77°C
Бүгін Түркістанда Саттарханов көшесінде орналасқан мұнай базасының аумағынан өрт шықты. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында от толығымен сөндірілді, деп ТЖМ баспасөз қызметі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, өрт тез таралып кеткен. Алайда өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, өртті толығымен сөндірген.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың себебі анықталуда. Министрлік өкілдері оқиға орнынан видео жариялап, қазақстандықтарға тағы бір мәрте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.