Прямой эфир
Астана
25.77°C
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, 3 адам қаза болды.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 24 қараша күні республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшагай» тасжолының 877-шақырымында, Тарбағатай ауданының аумағында болды. «Chevrolet Onix» жеңіл көлігі мен «Howo» маркалы жүк көлігі соқтығысқан.
— Жол апаты салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі мен 2 жолаушысы алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы ретте, полиция қызметкерлері жүргізушілерге жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырмауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.