Прямой эфир
Астана
25.77°C
Атлант циклонының әсерінен алдағы күндері Қазақстанның көп өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды paryz.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметі бойынша, ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде боран соғып, қатты жел тұрады. Елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Сонымен қатар Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды, Көрсеткіштер климаттық норма аясында сақталады.