2025 жылдың қазанында полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Астана, Алматы қалаларында және тоғыз облыста қарудың заңсыз айналымын тоқтату бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп хабарлайды paryz.kz.
40 бірлік қару-жарақ тәркіленді: жаяу әскерлік отшашар, 4 Калашников автоматы, 12 тапанша, 23 мылтық, 5 граната және 800-ден астам оқ-дәрі. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК қару мен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жұмысты жалғастыруда.