Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда онлайн құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды

Алматыда PokStars және LuckyShark атты заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар сотталды, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған paryz.kz.

Алматыда онлайн құмар ойындарын ұйымдастырғандар сотталды
Фото: Pixabay

Ведомство өкілінің мәліметінше, ставкалар банк арқылы қабылданған, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген. Қаржы операциялары туыстары мен басқа да тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген.

Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желіде ойын клубын жарнамалайтын нысаналы жарнама қолданылған.

"Сот үкімімен кінәлі үш адам 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мемлекет пайдасына 116 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен ZEEKR маркалы автокөлік тәркіленді", - делінген хабарламада.