Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мектепте телефон қолдануға болмайды: министрлік айыппұл салынатынын ескертті

Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың сабақта телефон пайдаланғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды paryz.kz.

Мектепте телефон қолдануға болмайды: министрлік айыппұл салынатынын ескертті
Фото: gov.kz

Вице-министр Майра Мелдебекованың айтуынша, заңда оқу процесі кезінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынатыны жайында нақты айтылған.

"Ол үшін ата-ананың жауапкершілігі қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабы бойынша алдымен ескерту жасалады. Ал құқық бұзушылық қайталанса, айыппұл салынады",-деді Мелдебекова сенатта өткен брифингте.

Кодексте айыппұл 5 АЕК (2025 жылда 19 660 теңгені) көлемінде белгіленген.