Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Бірнеше жолда ауа райына байланысты жылдамдыққа шектеу қойылды

Қалың тұман салдарынан Солтүстік Қазақстанның бірнеше жолында жылдамдыққа шектеу қойылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бірнеше жолда ауа райына байланысты жылдамдыққа шектеу қойылды
Фото: istockphoto.com

Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасындағы күре жолдарда жылдамдық режиміне шектеу қойылды.

"Ақмола облысында ауа райы нашарлап, қалың тұманнан көру деңгейі нашарлады. Сол себепті Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы тасжолының 144-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық режиміне уақытша шектеу енгізілді", - деп жазды компания.

"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерді жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескеруге шақырды. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.