22 қазанда еліміздің он қаласында ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда, деп хабарлайды Paryz.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ҚМЖ Петропавл, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Атырау, Шымкент және Алматы қалаларында болжануда.
Сондай-ақ түнде Астана мен Көкшетауда да осындай жағдайлар күтіледі. Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи факторлар (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Мамандардың айтуынша, мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Ауаның ластану деңгейі негізінен желдің бағыты мен жылдамдығына, жауын-шашын мен ауа температурасына байланысты қалыптасады.