Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің орынбасары Абай Қайырбеков 10 жылға сотталған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін журналистер одан Перизат Қайрат пен анасы бір түрмеге түсіп, жазасын бірге өтеуі мүмкін бе деп сұраған еді.
«Негізінен, мүмкін. Бірақ, түрме ішінде бір отрядқа түсе ме, әлде әртүрлі отрядта жазаларын өтей ме, басқа мәселе. Бұл сол кездегі жағдай мен қауіп-қатерлерге байланысты», - деді Абай Қайырбеков.
Ол сондай-ақ егер Перизат Қайраттың білімі бар болса, онда ол түрмедегі бос жұмыс орындарына жұмысқа тұра алатынын, ал егер білімі сай келмесе, қосымша курстардан өте алатынын айтты.