Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шекарадағы көлік кептелісі: министрлік Қытаймен жасалған келісім туралы айтты

Қытаймен шекарадағы жағдайға қатысты көлік министрлігі түсініктеме берді.

Шекарадағы көлік кептелісі: министрлік Қытаймен жасалған келісім туралы айтты
Фото: primeminister.kz

Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" өткізу бекетінде жүк көліктері кептелісте тұр.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі – отандық тасымалдаушылардың шекарадан өтуге қажетті шетелдік рұқсат бланкілерінің болмауы.

Аталған бланкілер екі елдің салалық көлік ведомстволары арасында өзара айырбасталады. Көлік министрлігінің мәліметінше, Қытаймен аптасына 6 мың дана шетелдік рұқсат бланкісімен екіжақты алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. 

"Соңғы сегіз апта бойы әр дүйсенбі сайын Қытай тарапы көрсетілген көлемдегі рұқсат бланкілерін беріп келеді", - дейді көлік министрлігі. Шетелдік рұқсат бланкілерінің келесі партиясы 13 қазанда беріледі.