Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Алматы қаласының полиция департаменті тұрғындарды интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы айтып берді.

Полиция интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Фото: polisia.kz

Полиция мәліметінше, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүргізушілерге жалған айыппұл туралы хат келіп, күмәнді сілтеме жіберіледі.

 - Қаскөйлер автокөлік иелеріне электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хат пен хабарламалар жібереді. Онда жүргізушінің жеке деректері, көлік нөмірі және «айыппұлды төлеуге арналған» сілтеме көрсетіледі. Егер адам банк картасының деректерін енгізсе, алаяқтар оның есепшотына қол жеткізеді. Кей жағдайларда сілтеме арқылы жеке деректерді ұрлайтын вирустар да таралады. Мұндай шабуылдар АҚШ пен Ресейде тіркелген, ал енді олардың Қазақстанда таралу қаупі бар», – деді Алматы қаласы Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Полиция ресми айыппұл туралы хабарлама тек 1414 нөмірінен келетінін және ешқашан төлем жасауға арналған сілтеме болмайтынын еске салды. Айыппұлдарды egov.kz, qamqor.gov.kz сайттарында немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.