Бүгін, 7 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде атмосфераның ластану деңгейі жоғарылауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 7 қазанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Қостанай, Атырау және Астана қалаларында күтіледі.
ҚМЖ – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы.
Мұндай жағдайлар көбінесе әлсіз жел, тұман немесе ауа инверсиясы кезінде байқалады. Мамандардың айтуынша, қолайсыз ауа райы кезінде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы, соның салдарынан адамдардың денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.