Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Новости Казахстана бүгін, 02.12.2025 17:27 Обновлять, 03.12.2025 02:48

Жаңа министрдің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменованың өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жаңа министрдің Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды
Фото: parlam.kz

Депутат Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болып тағайындалуына байланысты Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылды.

Палата отырысында депутаттар Сүлейменованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны дауысқа салып, шешім шығарды.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа министрдің қызметіне сәттілік тіледі.