Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақмола облысында бақташы түрмеде тегін тамақ ішу үшін әдейілеп қылмыс жасады

Ақмола облысында үйсіз-күйсіз жүрген бақташы түрмеге отыру үшін қайта қылмыс жасады, деп хабарлайды Paryz.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында бақташы түрмеде тегін тамақ ішу үшін әдейілеп қылмыс жасады
Фото: istockphoto.com

Аршалы аудандық сотында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сот 2025 жылдың тамыз айында бақташы болып жұмыс істейтін М., бұған дейін 2019 және 2023 жылдары терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар бергені үшін екі рет сотталғанына қарамастан, осыған ұқсас қылмысты тағы да қайталап жасаған», - деп жазылған хабарламада. 

Ол «112» нөміріне қоңырау шалып, Астана қаласындағы автовокзалда жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына уәкілетті қызметкерлер жіберіліп, тексеру барысында террористік акт туралы ақпарат расталмады.

Тегін тамақ ішкісі келген Сотта М. кінәсін мойындап, өз әрекетін қазіргі уақытта тұрақты тұратын жерінің болмауына байланысты бас бостандығынан айырылған тұлғаларға мекемеде тегін тамақ пен киім берілетінін көздеп, осындай қадамға барғанын түсіндірді.

«Жазаны тағайындауда, сот М.-ның осыған дейін де дәл осындай құқық бұзушылықтар жасағанын және одан сабақ алмағанын ескере отырып, оны қайтадан қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартты», - деп атап өтті сот. Сот үкімімен М.-ға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.