Темір жол бойында 8 айда 27 адам ажал құшты, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
Құқық бұзушылар: 39%-і мас күйінде; 36%-і белгіленбеген жерден өткен немесе құлаққапта болған; 14%-і вагон астымен жолдан өтпекші болған; 11%-і – суицидтік жағдайлар.
Зардап шеккендер арасында ересектердің қарауынсыз жолда қалған 1,5 жас пен 4 жас аралығындағы төрт бала бар.
Десе де, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда адам басу саны 29%-ке төмендепті.
"8 айдың ішінде локомотив бригадаларының кәсіпқойлығы арқасында 77 астам жол апатының алды алынды. Жалпы, соңғы бес жылда теміржол өткелдерінде 124 жол апаты тіркелді, биыл 8 айында 16 оқиға болды", - дейді компания.
Жол апатына жүргізушілердің асығуы және олардың жол жүру ережелерін сақтамауы себеп.