Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада қыздарды жезөкшелікке күштеген 14 адам ұсталды

Астананың сол жағалауындағы үш тұрғын үй кешенінде қыздарды жезөкшелікке күштеген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада қыздарды жезөкшелікке күштеген 14 адам ұсталды
фото: видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ішінде 14 адам бар қылмыстық топ басқа аймақтан келген. Полицияға олар туралы тұрғындар хабарлаған еді.

«Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды. 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.