Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбыл облысында 600 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Жамбыл облысында шекара қызметі темекінің ірі партиясын заңсыз әкелудің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында 600 млн теңгенің темекісі тәркіленді
Фото: ҰҚК

12 қыркүйекте ҰҚК Шекара қызметінің мамандары жүк пойызын тексеру барысында акциздік маркаларсыз 890 980 қорап темекі бұйымын анықтады.

- Алдын ала мәлімет бойынша, темекілерді құрылыс материалдары түрінде жасырын әкелуге және ілеспе құжаттарсыз мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекет жасалған, деп жазды ведомстводан.

Тәркіленген тауардың жалпы құны 600 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта жүк тиелген вагон ажыратылып, процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.