Адвокат Мейірман Шекеев Талғарда Шерзаттың атына көше беруді ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол бұл ұсынысын Талғар қаласының әкіміне жеткізгенін айтты. Шерзаттың атына көше берілсін! 16 жасар Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі көшелердің атаулары Менделеев және Русставелли деп аталады.
Екеуі де Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалары емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді. Неге ондай ойға келдім ол жайлы кейінірек түсіндіріп жатармын, - деп жазды Мейірман Шекеев инстаграм парақшасында.