Орал қаласнда көлікті мас күйінде жүргізген полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Полиция майорын көшеде патруль ұстап алған. Офицер қызметтік автокөлікті мас күйінде жүргізген. Оған қоса, өз әріптестерінің заңды талабына бірден бағынбай, оқиға орнынан қашып кетпекші болды.
Сол үшін Қылмыстық кодекстің екі бабы - мас күйінде көлік жүргізу мен полиция қызметкерлерінің тоқтау талабын орындамау бойынша жауапқа тартылды.
Сотта майор "көлікті жүргізген жоқпын" деп шықты. Бірақ оның мас күйінде болғаны дәлелденді. Сот шешімімен офицер 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сондай-ақ, 157 280 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 32-бабына сәйкес, полиция қызметкерлеріне әкімшілік қамау қолданылмайды. Сондықтан жаза айыппұл мен жүргізуші куәлігінен айырумен шектелді.