Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Маңғыстаудағы жол апаты: тірі қалған үш адамның жағдайы ауыр

Дәрігерлер Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан жарақат алған үш жолаушының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстаудағы жол апаты: тірі қалған үш адамның жағдайы ауыр
Фото: istockphoto.com

11 қыркүйек күні Бекет атаға зиярат етуге бара жатқан жолда жарақат алған 3 жолаушы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.

"1964 жылы туған ер адам және 1967 жылы туған әйел адам жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр. Сонымен қатар 1960 жылы туған әйел адам аурухананың травматология бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Дәрігерлер үш науқастың өмірі үшін күресіп жатыр. Еске сала кетейік, кеше Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан 10 адам көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша "Toyota Hiace" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Ішінде жолаушылар болған.