Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды

Биыл заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды; қару жасырылған 12 қойма анықталды; Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз айналымнан тәркілеу бойынша жұмысты жүйелі негізде жүргізеді.

Бұл жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралардың аясында да жалғасады. Биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде республикалық «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Оның шеберінде: заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, сонымен қатар 500-ден астам оқ-дәрі және 6 жарылғыш зат алынды; қару жасырылған 12 қойма анықталды; Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 6 дана қару және полицияның арнайы жабдықтары тәркіленді: оның біреуі Калашников автоматы, бір тапанша, екі ойық мылтық және екі тегіс ұнғылы қару, сонымен қатар қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар; азаматтар тарапынан 15 қару өз еркімен тапсырылды. 

— 21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, онда 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 5 қыркүйекте Алматы облысында жергілікті тұрғындар ұсталды, олардан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласында ұрланған арнайы мылтық тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, — деді ІІМ криминалдық полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Жандос Батырбеков.