Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шардарада әкесіне қол көтерген азамат мешітте азаншы болған емес – бас имам

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауға шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шардарада әкесіне қол көтерген азамат мешітте азаншы болған емес – бас имам
фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы, Шардара ауданында әкесін ұрған азаматтың «мешіттің азаншысы» екені жөнінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы және Түркістан-Ахмет Яссауи мешітінің бас имамы Ержан Төлепов ресми түсініктеме берді. 

— Аталған азамат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты дін қызметкері емес. Ол мешітте ешқашан азан айтып, ресми діни қызмет атқармаған. Дін саласына қатысы жоқ, негізгі кәсібі — мәдениет саласы, қосымша той жүргізушісі (тамада) болған, — деді бас имам.

Сонымен қатар, ҚМДБ мұндай әрекеттерді қатаң айыптайтынын жеткізді.

«Ата-анаға құрмет — әрбір мұсылманның басты міндеті. Сондықтан қоғамды, әсіресе БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген, жалған ақпарат таратпауға шақырамыз», — делінген мәлімдемеде.