Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр
фото: видеодан скриншот

Сот ашық форматта өтіп жатыр. Сот залында блогердің өзі адвокатымен, Туризм және спорт министрлігі өкілдері, сондай-ақ журналистер қатысып отыр.

Еске сала кетсек, Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың әрекетін Туризм және спорт министрлігі назарына алды. Блогерлер Instagram желісінде 11 автокөлікті ойнататынын хабарлаған еді. Шарты да қарапайым көрінген, яғни бар болғаны желіде репост жасау керек.

Алайда 21 тамызда қатысушылар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын ақылы бизнес курс сатып алу керек болып шықты. Байқауға қатысу тек сол курсты сатып алғаннан кейін ғана мүмкін болатыны анықталды.

Бұл жағдай қатысушылардың наразылығын тудырып, олар құқық қорғау органдарынан аталған схеманың заңдылығын тексеруді сұрады.