Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Доллар бағасы 542 теңгеге өсті

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі саудасының қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген айырбас бағамы 539,55 теңгені құрап, 0,95 теңгеге өсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Доллар бағасы 542 теңгеге өсті
Фото: Kazinform

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2 қыркүйектегі ресми доллар бағамы 538,54 теңге.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 538,96 теңге, сату бағамы – 540,85 теңге.

Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 536,86 теңгеге сатып алып, 541,86 теңгеге сатып жатыр.