Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі

Үкіметтің бүгінгі отырысында алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі
фото: Sputniknews

Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің айтуынша, әлеуметтік салаға арналған қаржының көлемі 10 трлн 725 млрд теңгені құрайды.

"Мұнда әлеуметтік төлемдерді 10 пайызға индекстеу және зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың 288 мың адамға өсуі ескерілді", - деді Тәкиев.

Оның айтуынша, стипендияны көтеруге арналған шығыстар да жоспарланған.

Жалпы, 2026 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары биылғы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге ұлғаяды.