Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

"Қазақтелекомға" қатысты тергеу басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері бойынша "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

"Қазақтелекомға" қатысты тергеу басталды
фото: Sputniknews

Агенттік жүргізген талдау барысында көпқабатты тұрғын үйлерде үйдегі интернет қызметтерін көрсету кезінде өзге байланыс операторларының кіруін қиындататын кедергі анықталды.

Талдауға сәйкес, 2024 жылы байланыс операторы интернет тарифтерін айтарлықтай қымбаттатқан. Атап айтқанда, жылдамдығы 100 Мбит/сек., 200 Мбит/сек. және 500 Мбит/сек. бағаның өсу қарқыны 20%-ға дейін жетті.

"Қазақтелеком" АҚ әрекеттерінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Осыған байланысты қазіргі таңда Агенттік аталған операторға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Бұдан бөлек, агенттік ұялы байланыс қызметтерінің баға динамикасына талдау жүргізді. Оның барысында да монополиялық жоғары баға қою белгілері анықталды. Қазіргі уақытта ұялы байланыс операторына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеру тағайындау мәселесі қаралып жатыр.