Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ресейде жүк көлігімен бір топ адамды қасақана қағып кеткен адам Қазақстанда ұсталды

Новосібірдің Киров ауданында жүк көлігінің жүргізушісі бір топ адамға соғылған еді. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Анықталғандай, күдікті Астана қаласында қолға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ресейде жүк көлігімен бір топ адамды қасақана қағып кеткен адам Қазақстанда ұсталды
Фото: Новосібір прокуратурасы

«Екі немесе одан да көп адамды өлтіруге әрекет жасады деген күдікке ілінген азамат тергеу органдарынан жасырынған. Сол себепті ол мемлекетаралық іздеуге жарияланған еді. 2025 жылғы 14 тамызда ол Қазақстан Республикасының Астана қаласында қолға түсті. Күдікті Әзербайжанға қашуға әрекеттенген. Қазіргі уақытта айыпталушыны Ресей Федерациясының аумағына экстрадициялау бойынша бастапқы шаралар жүріп жатыр», - деп хабарлады Новосібір қаласының прокуратурасы.

Қылмыстық іс РФ Қылмыстық кодексінің 30-бабының 3-бөлігі, 105-бабының 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша (екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу) қозғалды.