Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Сушиден уланып қалды: Ақтөбеде 8 адам ауруханаға түсті

Ақтөбеде сегіз адам сушиден уланып қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Сушиден уланып қалды: Ақтөбеде 8 адам ауруханаға түсті
Фото: Pixabay

Ақтөбеде сегіз адам, соның ішінде екі бала, суши жегеннен кейін аурухана түскен. Олар сушиді тапсырыспен алған.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің барлығы дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту және іштің ауыруы сияқты белгілермен ауруханаға жеткізілген. 

Уланып қалған екі адам жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бактериологиялық талдаулар жасалып жатыр. Олардың барлығы жапон асханасынан суши мен роллға – үйге тапсырыс берген, – деді Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жансәуле Дәулетова.

Медицина қызметкерлерінің мәліметінше, 8 адам жұқпалы аурулар ауруханасына жүгінген. Олардың екеуі – бала. Тексеруден кейін екі ересек адам стационарда емделуден бас тартқан.