Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Оралда зейнетақы көлеміне көңілі толмаған қария сотқа жүгінді

Оралда 65 жастағы зейнеткер зейнетақысына қанағаттанбай, сотқа жүгінді, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.

Оралда зейнетақы көлеміне көңілі толмаған қария сотқа жүгінді
Фото: Pixabay

2023 жылы уәкілетті органға 65 жастағы Орал қаласының тұрғыны жасына байланысты зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен жүгінген. Оған 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысы бойынша зейнетақы тағайындалған.

"Кейін зейнеткер жұмыс берушінің 2023 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын аударуды кешіктіргенін біліп, дереу зейнетақы мөлшерін қайта қарауға арыз жазған. Уәкілетті орган оған арыз берушінің өзі ерікті түрде ең қолайлы үш жылдық кезең 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың наурызына дейін таңдағанын, ол зейнетақы мөлшерін есептеу үшін негіз ретінде алынғанын түсіндіріп, одан бас тартқан", - дейді ведомстводағылар.

Алайда, зейнетақыны есептеу зейнетақы жарналарына айтарлықтай әсер еткен. Салдарынан зейнеткер сотқа жүгінген. Бірінші сатыдағы сот зейнеткердің талап арызын қанағаттандырды.

"Талап қоюшы 20 жыл бойы автокөлік кәсіпорнының жүргізушісі болып үздіксіз жұмыс істеген және жасы бойынша зейнетақыны толық көлемде алуға құқығы бар. Жұмыс берушінің зейнетақы жарналарын уақтылы төлемеуі оның құқын шектегені", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Апелляциялық шағымда Батыс Қазақстан облыстық соты бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісті. Жоғарғы сот та сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.