Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада LRT жолақысы шамамен қанша теңге болатыны айтылды

Астанада LRT іске қосылмаса да, жолақысы шамамен қанша теңге болатыны белгілі болды. Елорда әкімі жүріп-тұру құны 200 теңгеден аспайды деп отыр. Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлады.

Астанада LRT жолақысы шамамен қанша теңге болатыны айтылды
Фото: CTS

Қыркүйекте барлық рельс төселіп, техникалық сынақтан өткізіледі. Содан кейін ғана толық іске қосылатын нақты күні белгілі болмақ.

Әдетте сынақ мерзімі үш айдан алты айға дейін созылады. Айта кетейік, LRT құрылысын қытайлық компания аяқтап жатыр. Енді халықаралық серіктестіктің көмегімен астаналықтар заманауи қоғамдық көлікпен қаңтар-ақпаннан бастап қатынауы мүмкін. 

"Қыркүйек айында алғашқы құрамды тестілеу іске қосылады. Соның қорытындысы бойынша, оның нақты қашан толық жұмысқа кірісетіні белгілі болады. Әдетте тестілеу кезеңі алты айға дейін созылады. Жоба аясында болжамды сома ретінде 200 теңгеге дейінгі мөлшер қарастырылған. Ал нақты түпкілікті сома жыл соңына дейін анықталады", - дейді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.