Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметте өткен брифингте интернет платформалар арқылы азаматтар табыс тапса, одан жеке табыс салығын мемлекетке төлеуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жаңа Салық кодексіне байланысты 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тіркелген барлық интернет платформа салық төлейді. Ол ҚҚС-ға қатысты болады.
Қазіргі таңда елімізде 179 компания тіркелді. Олардан биыл 57 млрд теңге түсті, - дейді Такиев брифингте.
Егер интернет желілер, атап айтқанда, TikTok, Youtube азаматтарымызға ақы төлесе, онда ЖТС ұсталады.
«Ол ақпаратты азаматтар салық органдарына беруі қажет. Мысалы, егер блогер әлеуметтік желі арқылы табыс тапса, жыл соңында табысын декларацияда көрсетіп, салық органдарына есеп беруі қажет», - деп айтты министр Үкіметте. Жеке табыс салығы 10% көлемінде ұсталады.