Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Киіктерге қауіп пе, қажеттілік пе: экожүйе тепе-теңдігі үшін 750 мың бас ауланады

Қазақстанда киіктердің рекордтық саны тіркелді – шамамен 4 миллион дара. 2025 жылы 750 мың киік алынады деп жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш көктемгі әуе санағының деректері мен ғылыми ұсынымдарға негізделген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі BAQ.KZ редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде хабарлады.

Киіктерге қауіп пе, қажеттілік пе: экожүйе тепе-теңдігі үшін 750 мың бас ауланады
фото: baq.kz

Экология министрлігінің бақылау нәтижелері бойынша, елде 3 миллион 978 мың киік бар. Соның ішінде 2,3 миллионнан астамы еліміздің батысында орналасқан Урал популяциясына тиесілі – бұл Батыс Қазақстан облысын қамтиды және республика бойынша ең ірі популяция болып саналады.

"ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Зоология институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірлеген "Қазақстанда 2025 жылы киік популяцияларының санын басқарудың биологиялық негіздемесіне" сәйкес, ғалымдар 2025 жылдың көктеміндегі есептік санның 20 пайызын алу қажет деп ұсынған. Бұл – 750 000 бас, – деп хабарлады министрлік.

Министрлік өкілдерінің түсіндіруінше, киіктерді алу, яғни аулау жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі: алдымен дайындық жұмыстары өтеді, содан кейін нақты алу мен қайта өңдеу кезеңдері басталады.

Барлық шаралар аяқталғаннан кейін егжей-тегжейлі есеп дайындалып, оның тиімділігі бағаланады. Бұл бағалау жұмыстарына ғылыми қауымдастық өкілдері де қатысады.

Министрлік атап өткендей, популяция санын реттеу – экожүйедегі тепе-теңдікті сақтау және жабайы табиғат пен ауыл шаруашылығы секторы арасындағы жанжалдардың алдын алу үшін қажет.