Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Үкімет арзандаған азық-түлік өнімдерін атады

Үкіметте шілде айындағы инфляция мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы қаралды, деп хабарлайды Paryz.kz сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Үкімет арзандаған азық-түлік өнімдерін атады
фото: Sputniknews

Өткен айда жылдық инфляция 11,8 пайыз деңгейінде сақталды. Ал азық-түлік инфляциясы 11,2 пайызды құрады.

"Тауарлар мен қызметтердің айлық бағасының өсу қарқыны 0,8 пайызға жетіп, маусым айымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді", - делінген ресми хабарламада. 

Арзандаған тауарлар: сәбіз - 9,1%-ға; картоп - 7,9%-ға; пияз - 1,8%-ға; күріш - 0,6%-ға; жұмыртқа - 0,1%-ға. Ал нан, макарон және сүт өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ. Дегенмен, қымбаттаған азық-түлік өнімдері де бар. 

"Қырыққабат бір айда 12,3%-ға қымбаттағанымен, шілденің соңғы аптасында бағаның төмендеу тенденциясы байқалды.

Тауық еті 2,6%-ға қымбаттады. Сиыр етінің баға өсімі бәсеңдеп, 1,4%-ды құрады, бұл сыртқы сұраныс тұрақты болғанына қарамастан нарықтың тұрақталуына оң әсерін тигізеді", - дейді үкімет мүшелері.