Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келеді, деп хабарлады Aқорданың баспасөз қызметі.
"3 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстан Республикасына сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш келіссөз жүргізіп, БҰҰ-ның Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын аралап көреді.