Павлодарда биіктен құлаған әйел мен оның екі баласы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Оқыс жағдай Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды.
Жедел жәрдемді көшеден өтіп бара жатқан адам шақырған.
"Шақыру сағат 13.00-де түсті. Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттың терезесінен екі баланы лақтырып тастап, артынан өзі секіріп кетті. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Бригадалар 6 минутта жетті", - дейді ведомство.
Екі бала ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.