Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жамбыл облысында атыс болды

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында оқ тиіп жараланған 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Paryz.kz сайты.

Жамбыл облысында атыс болды
Фото: paryz.kz

"29 шілде күні шамамен сағат 21:30-да Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында 4 адам аудандық ауруханаға оқ жарақатымен жеткізілді", – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған. 

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі бойынша ("Адам өлтіруге оқталу, екі немесе одан да көп адамға қатысты, адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, бұзақылық ниетпен жасалған") қылмыстық іс қозғалды", – деп түсіндірді ведомстводан. 

Қазір құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді", – деп қосты баспасөз қызметі.