Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Мұғалімге қол жұмсағандардың жазасын да қатаңдатамыз – вице-премьер

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында мұғалімдер шабуыл жасап, қарсы әрекет еткендердің жазасын қатаңдатылатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мұғалімге қол жұмсағандардың жазасын да қатаңдатамыз – вице-премьер
Фото: Kazinform

Журналист Денсаулық сақтау министрінен медицина қызметкерлеріне шабуыл жасайтындардың жазасы қандай баптармен қатаңдатылатынын сұраған.

Ермек Көшербаев осы сұраққа қосымша жауап бере отырып, мұғалімдердің құқығы туралы сөз қозғады.

 - Тек медицина қызметкерлерін ғана емес, басқа салаларды да қорғау жүйесі болу керек деп есептейміз. Соңғы кезде мұғалімдер де шабуылға ұшырай бастады... Әрине, заңда мұғалімдердің құқығы заңмен қорғалатыны жазылған. Бірақ мұғалімдерге қарсы әрекет пен оның жауапкершілігі бір-біріне сай болу керек. Оны да қарастырып отырмыз. Біраз ұсыныс бар. Депутаттармен бірге ақылдасып, азаматтарға жеткіземіз деп ойлаймын, - деді Ермек Көшербаев.