Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Елімізде дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Үкіметте дәрігерлерге жасалған шабуыл үшін қылмыстық жаза қалай өзгеретіні айтылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Елімізде дәрігерлерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: ДСМ

Бұған дейін президент медицина қызметкерлеріне қол көтеретіндерге қатысты жазаны күшейтуді тапсырған болатын.

"Қазіргі кезде депутаттармен бірге заңнамалық өзгерістердің пакетін дайындап қойдық. Бұдан былай медицина қызметкеріне жасалған шабуыл құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жұмыс барысында жасалған шабуылмен бірдей болуы керек. Меніңше, солай әділ болады", - деді премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев үкіметте өткен брифингте. 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Қылмыстық кодекске бөлек бір бап енгізіледі. Онда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін нақты жаза көрсетіледі:

медцина қызметкерін қорқыту мен оған қоқан-лоқы көрсету - 2 жылға бас бостандығын шектеу;

бір медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 2-7 жылға бас бостандығынан айыру;

төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін;

бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасау - 15 жылға бас бостандығынан айыру.