Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтаулық жүргізуші мүгедектер арбасындағы адамдарды қағып кетті

16 шілде күні 3Б шағынауданындағы 16-үйдің қарсысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлады Paryz.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаулық жүргізуші мүгедектер арбасындағы адамдарды қағып кетті
фото: видеодан скриншот

Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол бойында жүрген мүгедектер арбасындағы адамдарды қағып кеткен.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 595-бабының 1-бөлігі (маневр жасау ережесін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясы 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл қарастырады.

Полицияның мәліметінше, жәбірленуші мүгедектігі бар азаматтар ешқандай шағымданудан бас тартқан.