Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды

Шымкент қаласында "ҚазМұнайГаз Инвест" қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте халықты 1 млрд теңгеге алдаған қаржы пирамидасы анықталды
фото: Sputniknews

Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, пирамиданы ұйымдастырғандар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу арқылы жылдам және көп табыс табуға уәде берген. Салымшыларға 15 күн сайын 50% кіріс түсетінін айтқан.

"Алайда іс жүзінде ешқандай бағалы қағаздар сатып алынбаған. Төлемдер тек жаңадан тартылған қатысушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылған", - дейді агенттік мамандары. 

Бастапқы салым сомасы 500 мың теңгеден болған. Күдіктілер шамамен 200 адамды алдап, жалпы 1 млрд теңгеден астам ақшаны жинап алыпты.

Соның бір бөлігі – 438 млн теңгені екі қымбат көлік ("Tank 500", "BMW X5"), тұрғын үй және коммерциялық нысан (мейрамхана) сатып алған. Ал тәркілеуден жасыру мақсатында мүлікті туыстарының атына рәсімделген. Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.